Кәсіпкерлер қағазбастылықтан арылды

Screenshot_31.jpg

Шағын және орта бизнес субьектілердің біршама уақытын үнемдеп, қағаз бастылықтан босату үшін 2019 жылдың 3 сәуірдегі «Арнайы экономикалық аймақ және Индустриалды аймақтар» туралы ҚР Заңына сай «Жер кодексіне» өзгерістер енгізілген болатын. Осыған байланысты Түркістан қаласындағы  индустриалды аймақтағы бос жер телімдері берілуде. Оған қатысушылар жер телімдерін жалға келісім шарт арқылы алатын болады.Бұрыңғы тәртіпке сай арнайы құжаттар талап етілмейді.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басымды бағытының  бірі – өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру еді. Көлік инфрақұрылымын басқару, қызмет көрсету және әкімшілік кедергілерді жоюдың да маңызы ерекше. Осы мақсатта    сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алынды. Орталықтың инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына 237 млн.теңге бөлінген. Инженерлік инфрақұрылым жүйелерін орнатуға қалалық әкімдік көмек береді. Осы күнге дейін сауда-логистикалық орталықта 2 жоба орналасқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер