Жиһаз өндіруден көш бастап тұр

Screenshot_24.jpg

Түркістанның кәсіпкерлері жарап тұр. Әсіресе қалада соңғы жылдары жиһаз өндірісі дами түскен. Соның арқасында көне  шаһар облыс көлемінде жиһаз өндірісінен алдыңғы орынға шықты. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 20 пайызын осы қатты және жұмсақ жиһаз өндірісі құрайды.  Бүгінде облыстың орталығында 7 ірі кәсіпорын болса, жеке кәсіпкерлікпен тіркелген бірқатар шағын жиһаз цехтары да бар. Мәселен Гаранд Микс, Азия бренд, Мебель люкс, Кордиал – Түркістан сынды кәсіпорындарының өнімдері еліміздің өзге облыстары мен ТМД елдеріне шығарылады.

   2013 жылы ашылған «Азия бренд» кәсіпорнында 60 адам жұмыс істеуде. Шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауымен бастаған бұл цехта жиһаздарға қажетті шикізатты әрлеу өнімдері де осы жерде дайындалады.  Цехтың жылдық өнімділігі – 10 мың дана жиһаз топтамасы. Сондай-ақ, бүгінде жиһаз топтамасына қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдардың 80 пайызы өздерінен шығады. Бұрындары Ташкент, Қытай елдерініне тасымалданған өнімдерді енді цехта өндіріп, өндірістің тиімділігін арттырып, баға тұрақтылығын сақтап отыр. Қазір фабрикадағы жұмыстың 80-90 пайызы автоматтандырылған. Цехтағы жұмыс италияндық станоктар көмегімен жүргізілуде. Жобалық құны – 20 миллион теңге. Өнімнің сапасын жақсартып, көлемін арттыру үшін кәсіпорын қызметкерлері шетелдік мамандардан тәжірибе алмастырып отырады.

Жиһаз цехтарының көбеюі қаланың экономикасына ғана оң әсер етіп жақан жоқ, сонымен қатар жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер