Қызғалдағы жайқалған шаһар

ca253acb962b8be54bc54008d8bfcd50.jpg

Табиғат,  тарихи ескерткіш және шаһардың әсемдігі. Бұл туристерді қызықтыратын басты нышандар.  Тарихымен теберік саналатын Түркістан қаласында табиғат та көрікті, тарихи ескерткіштер де баршылық.  Ал шаһардың көркі күн сайын тотыдайын таранып келеді. Әсіресе  биыл көктемнің мамыражай күнімен бірге қала көшелері гүлдермен көмкеріліп, көздің жауын алуда. 

Мамандардың айтуынша  көктем келгелі бері шаһардың 1 мың гектардан астам жеріне арша, талшын, бозарша, қарағаш және жиде секілді 100 мың ағаш көшеті егілген. Сондай-ақ шаһардың орталық көшелері мен саябақтар, демалыс орындары қызылды жасылды алуан түрлі гүлдермен жайқалды. Сайын қазақ даласында өсетін запырангүл, көпжылдық раушан мен түймедақ, бәйшешек пен жауқазын да Түркістанға көрік беріп тұр.   Бүгінде дала гүлдерінің  осындай алуан  түрі  қалаға көрік беріп тұр.

Дүниежүзі голланд қызғалдағы атап кеткен Грейг тұқымының отаны –Қазақстанның оңтүстігі екені қазір көпке мәлім. Сондықтан көкорай көктемнің, көрікті тіршіліктің жаршысындай болған жауқазын гүлдердің тұқымы Түркістанның топырағын тез жерсініп, жылдам гүл ашты. Былтыр күзде егілген 300 мың түп қызғалдақ қазір қып-қызыл шоқтай боп, төңіректі  құлпыртып тұр. «Туристер Қазақстанды әсіресе, Оңтүстік аймақты қызғалдақтың отаны деп біледі. Көпшілігі осы гүлді көруге қызығады. Сондықтан қызғалдақ күтіміне басымдық беруіміз керек»,- дейді бағбан Несібелі Ысқаова.  

Шаһар көркін шырайландыру үшін биыл тұрғындар тыныстап, саяхатшылар серуендейтін 10 гүлзар салынғалы жатыр.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың банк шоттарына енді жасанды интеллект талдау жүргізеді
  • Үкім, айқай, дүрбелең: Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды
  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер