Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Қырықбай Бақытжан Есіркепұлы тағайындалды.

Бақытжан Есіркепұлы 1979 жылы 26 желтоқсанда  Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылында туған.

Еңбек жолын 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушы болып бастаған.

2006-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман және жануарлар әлемін қорғау, дамыту және пайдалану бөлімінің бастығы, Шымкент қаласындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақтың учаске бастығы,  Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жануарлар дүниесі басқармасының сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 

2018 қараша айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан орман және аңшылық  шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер