Инфляция деңгейіне қарай жалақы да көбеюі керек

Әкімдер жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы тиіс. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтің еңбек қатынастарын реттеу жайы қаралған отырысында айтты.

– Облыс әкімдеріне айтатын мәселе – жұмыс орындарының қысқаруын ары қарай бақылап, мониторинг жасап отыру қажет. Қысқарған жағдайда жұмысқа тұрғызу мәселесін қарау міндеті тұр. Сонымен қатар, айлық табыс бойынша қарыздың ары қарай көтерілмеуіне және бар қарызды жабу мәселесіне баса көңіл аударуларыңызды сұраймын, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында еңбек  қатынастарын реттеу, өндірістік қауіпсіздік жақсарту мәселелеріне қатысты айтылған ұсыныстар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қарағанды қаласында өтетін үшжақты комиссияда қаралатынын жеткізді. 

5bfff40a991f5.jpg

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар қызметкерлеріне 1 млрд 700 млн теңге жалақы қарыз екенін айтты. Оның ойынша, кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажет.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер