Орталық саябақтағы мазар көпшілікті ойландыра ма?

WhatsApp-Image-2018-04-11-at-18.37.00.jpeg

Шымкенттегі Орталық саябақтағы мазар туралы мәселе бұған дейін де талай жазылған. Жас күнімізде, “бұл жерде революция сарбаздары жерленген”,- деген жазуды оқитынбыз. Бұл жауынгерлердің біреуі Якоп Крегер, Клютов, комиссар Трегубов, Григоренько, Захаров және есімдері белгісіз үш сарбаз. Зираттың айналасы әуелеген әуен үні мен селкілдеп билеген жастарға толы болатын. Әсіресе, мереке күндері сырнайлатып, кернейлетіп мазараттың маңынан өткен топ адамдарды көрсем өне бойым сыздайды.

Бірде Орталық саябақ бойымен жолай өтіп бара жатып, зират жанында, кафелканың үстінде ойнап жүрген баланы байқадым. Айналасы кафелкамен қоршалған. Бұрынырақта бұл мазарда жатқан кісілердің аты – жөнін оқығанымызбен, кім екеніне баса назар аудармаушы едік. Уақыт өте келе, олардың Созақ көтерілісіне қатысқан сарбаздар екенін білдік. Олар жоғарыдағылардың бұйрығымен көтерілісті басу үшін шақырылған жауынгерлер. Революция кездінде қаза тапқан сегіз сарбаздың мүрдесін 1931 жылы Орталық саябаққа әкеліп жерлеген. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін бұл жерде мәңгілік алау жанып тұрған. Аяқасты болған жауынгерлердің моласын христиан зиратына көшірген жөн болар еді.

Сондықтан,  қала әкімі Ғабидолла Әбдірахманов, бұл мәселені аяқсыз қылдармайды деп сенемін. Бұған дейін “Оңтүстік Қазақстан”, “Жанубий-Қазағистан”, “Ақиқат-Факт” газеттері, “Ontustik” телеарналары арқылы осы тақырыптарды көтерген болатынмын. Бұрындары  Орталық саябаққа барып серуендеп, бір ауық демалып келетінбіз. Осы жағдайдан кейін саябаққа енуге де беттемеймін. Бұл сарбаздарды өз дәстүрлерімен, христиандар зиратына апарып арулап жерлесе сауап іс болар еді. Құрметті, жоғарыда отырған мырзалар осы мәселені аяқсыз қалдырмассыздар деп сенемін. 

Ақбөпе Мырзатаева,

Шымкент қаласы

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер