Тұрғын үй көмегін онлайн түрде қалай рәсімдеуге болатыны белгілі болды

0fedd0ed5f8390542a9024ad3fe33bca.jpg

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қаласында тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемге жұмсалатын шығыстардың жиынтық табысынан 8% асатын отбасына берілетін «тұрғын үй көмегін тағайындау» түрінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, берілген мемлекеттік қызмет өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру коммерциялық емес «азаматтарға арналған Үкімет» веб-порталы «Мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамы ғана емес, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында көрсетіледі.

Порталға қажетті құжаттар тізімі:


-      Өтініш - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салу;


-       Отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық көшірмесі;


-       Отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;


-       Тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттардың электрондық көшірмесі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;


-       Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған өтініш жасаған тоқсанның алдындағы айға шоттардың электрондық көшірмелері;


-       Банк шотының электрондық көшірмесі.


Портал арқылы «жеке кабинетке» жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жіберіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер