72 жастағы құдасына қызмет берді

Screenshot_2.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев  құдасы Батыр Тұрсыновты Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары етіп тағайындады.

Өзбекстан ішкі істер министрлігіндегі дереккөздің айтуынша, 46 жастағы Жахангир Эгамов пен қауіпсіздік қызметіндегі бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Эгамовты президент өткен жылдың аяғында қызметтен алған деген дерек бар. Бірақ ол туралы ресми баспасөзде хабарланбады.

Еске салайық, Жахангир Эгамов МҚҚ төрағасының орынбасары қызметін бар болғаны он бір ай атқарды.

72 жастағы генерал Батыр Тұрсынов республикадағы ішкі істер және қауіпсіздік қызметі саласындағы ең беделді тұлғалардың бірі саналады. Ол қызметтік мансабын өткен ғасырдың 80-жылдары бастаған.

Шавкат Мирзияев 2016 жылы президент қызметіне кіріскен соң, Батыр Тұрсынов Өзбекстан Ұлттық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Батыр Тұрсыновтың ұлы – Ойбек Тұрсынов президент Шавкат Мирзияевтің үлкен қызына үйленген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер