Түркістан: Жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн. 103,9 млрд. теңгеге артты

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі жоғары деңгейде сақталды.  Жалпы, өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1 трлн. 103,9 млрд. теңге сомасында қалыптасса, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға артқан.

Индустрияландыру картасы  аясында 2018 жылы 18,2 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылды. Атап айтсақ,  «Green technology industries» ЖШС (Ордабасы ауданы) ПЭТ қалдықтарын өңдеу және шпательді талшықтар өндірісі. Қазіргі уақытта жобаның I кезеңі – іске қосылып отыр. Сондай-ақ,  «Golden Camel Group LTD» ЖШС (Түркістан қаласы) өнімділігі 1,5 мың тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін кәсіпорын жобасы,  ӘКК «Асылтұқымды шаруашылық, Ордабасы ешкі сүт өнімдері» Сүт-тауар фермасы базасында ешкі сүтін қайта өңдеу зауыты,  «Бадам өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы) күйдірілген қыш өндіру зауыты,  «Балмұздақ» ЖШС (Төлеби ауданы) Шоколадты глазурь және шоколадты конфет өндірісі, «Бәйтерек ББМ» ЖШС (Шардара ауданы) Балық өңдеу зауыты,  «ТМстрой21» ЖШС (Келес ауданы) Жіп өңдеу зауыты, «Бирлик-4» ЖШС (Сайрам ауданы) Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехы, «Асыл-бастау.kz» ЖШС (Қазығұрт ауданы) Майсыз сүт ұнтағы мен майын шығаратын зауыты, «Минеральная вода Арыс» ЖШС (Арыс қаласы) Минералды бөтелкеленген және алкогольсіз сусындардың өндірісі.

Screenshot_7.jpg

Өткен жылы облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 439,1 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 236,9 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Тиісінше 2017 жылмен салыстырғанда өсім 100,7 пайызды құрап отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру – 3,6 пайызға,  жеңіл өнеркәсібі – 6,3 пайызға, химиялық өнімдер – 7 пайызға, фармацевтикалық өнімдер – 4 пайызға, электр жабдықтарын жасау – 7,3 пайызға өскен. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер