Астананың әкімі жалақы 10 мыңнан 230 мың теңгеге дейін өскенін айтты

Screenshot_1.jpg

Қазір елордада орташа жалақы 230 мың теңгеден асады. Бұл туралы бүгін қала активімен кездесу кезінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сұлтанов 20 жыл ішінде Астана ел тәуелсіздігінің символына, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығына айналғанын атап өтті. Осы орайда әкім 20 жыл ішінде қол жеткізілген кейбір көрсеткіштерге тоқталды. 

Оның айтуынша, 20 жыл ішінде қала аумағы 3 есеге ұлғайып, салынған тұрғын үй көлемі 19 есеге өскен. Ал халық саны 4 есеге артты.

"Егер 20 жыл бұрын орташа жалақы 10 мың теңгеге жетпесе, қазір ол 230 мың теңгеден асады. Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-тен 4,5%-ке дейін қысқарды", — деді Сұлтанов.

Тағы оқыңыз: 1 қаңтардан бастап жалақы көбейді

Сондай-ақ, 20 жыл ішінде 20-дан астам республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысаны, 300-ден астам балабақша мен мектеп тұрғызылған. Ал Астананың жалпы тұрғын үй қоры 4 есеге ұлғайып, 20 миллион шаршы метрден асты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер