Елімізде зейнетақы өсті

Screenshot_2.jpg

Фото: Otyrar.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бұған дейін Қазақстанда зейнетақыны индекстеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жылдың басында жүзеге асырылатындығын айтқан деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, зейнетақы индексі инфляциядан 2 пайызға алға жүреді және бұл көрсеткіш биыл 9 пайызға жеткен. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, индекстеу қосымша инфляция деңгейінде жүргізіліп, оның үстіне 2 пайыздық мөлшер қосылады. Ал базалық зейнетақының жаңа форматы оны 67% көтеру дегенді білдіреді. 

«1 млн-ға жуық зейнеткер базалық зейнетақыны ең төменгі өмір сүру көрсеткішінен 100 процент көлемінде ала бастады. Яғни, базалық зейнетақы олар үшін екі есеге артты. Жалпы, зейнетақы базалық, ынтымақты және жинақтаушы болып үшке бөлінеді. Ынтымақты зейнетақыны біз инфляцияны негізге ала отырып, 2 процентке артығымен индекстейміз. Ал базалық зейнетақыны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орташа алғанда 67 процентке арттырдық»,-деп түсіндірді министр. 

Сондай-ақ ол қазіргі таңда Қазақстандағы зейнетақының деңгейі көршілес мемлекеттер мен ТМД-ға мүше елдердің қай-қайсысынан да жоғары екендігін атап өтті. 

«Зейнетақының орташа мөлшері 3 компонентті қоса алғанда 101 мың теңгені құрайды»,-деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер