«Таңғажайып Түркістан» байқауында өңірдің киелі мекендері кеңінен насихатталды

6de1f3d1-83db-4e0b-ab56-d2336fa69262.jpg

Түркістан облысы Төле би ауданында «Тау самалы – жан самалы» фестивалінде «Таңғажайып Түркістан» атты байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталмыш іс-шараны Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламасына сай өткен байқауға қызығушылық жоғары болды.  

Байқау жеңімпаздарын  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев марапаттады.

Байқаудың мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау.

Үміткерлер арнайы комиссияның шешімімен анықталып, фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілген (репост) арқылы іріктелді.

8a7e17d5-7f7c-4694-9a1d-7792da4706bb.jpg

59a038e7-25e7-4ec8-87e1-9251ed96a573.jpg

Бұдан соң байқаудың  қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясы Мадина Сарыбалаеваға берілді. 3-орынға  Сәбит Тастанбек,  Ерлан Сыздық лайық деп танылды. 2-орынды Дәурен Айманбет жеңіп алды. 1 орын  Ақмарал Ғаниқызы мен Қайрат Кәрібаевқа бұйырды. Ал, бас жүлдені Несібелі Иманқұлова мен Ғани Назарбекке табыс етті. 

Айта кетейік, байқауға кез-келген әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Бұл байқауға биылғы жылдың 14 қыркүйегінен 12 желтоқсанға дейін жарияланған материалдар жарияланды.

Қатысушылар үш ай бойына өңірдің киелі мекендерін кеңінен насихаттады. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер