Түркістандық балғындар шырша тойын тойлады

Screenshot_1.jpg

Түркістан қаласы әкімдігі 70 балғын балаға жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Балалар мерекелік шарада Мемлекет басшысының құттықтауын тыңдап, мерекелік қойылымдар тамашалады. Жаңа жылдық сыйлықтар алды. Ал, балалардың қуанышын еселеген шарада қала әкімі Ә.Өсербаев жаңа жылды күткен жеткіншектерді мерекемен құттықтап, білім саласында өскелең ұрпақ үшін жасалып жатқан бірқатар жетістіктерге тоқталды: «Тәуелсіздік алған уақыттан бері Түркістан қаласының өзінде 38 мектеп ғимраттары салынып, 58 балабақша ашылды. Сол сияқты мектептер мен балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу, заман талабына сай білім беру үшін мектеп базасын жақсарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Жаңа «Отырар» мөлтек ауданның кішкентай тұрғындары үшін 280 орындық бала бақша пайдалануға беріліп, 900 орындық мектеп құрылысы бой көтерді.

Білім саласында оң өзгерістер мен жаңашылдықтар көп. Биылғы жылы қаламыздағы мектептер интернет желісіне толықтай қосылып, 100 пайыз мектептердің электронды күнделік жүйесімен жұмыс жасауы жолға қойылды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 7 218,0 мың теңге қаралып, қаламызда «ІТ» сыныптары жабдықталып, іске қосылып, оқушылардың сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының берген жемісі. Жалпы қала бюджетінің 50 пайыздан астамы білім саласына бағытталған.

Screenshot_2.jpg

Жаңа жылдың басты символы саналатын шырша маңы бейнебір ертегі әлемін көзге елестеді. Себебі, ақ сақалды аяз ата мен қарша қыз және ертегі кейіпкерлері бәрі-бәрі осында. Шара кезінде олар, балғындарды ертегі әлеміне саяхат жасатты.

Мерекелік шараға қатысқандардың дені әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балалары. Олардың қатарында қаладағы №15 мектептің оқушысы өнерлі қобызшы қыз республикалық байқаулардың жеңімпазы Халикбердиева Шадиана да бар.

Жаңа жылдық кештің қуанышын қала әкімі Ә.Өсербаевтың баларларға жасаған мерекелік сый-сияпаты еселей түсті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер