Таксистер, әсемдік салондары, риэлторлар енді кассалық аппарат орнатуы тиіс

Screenshot_7.jpg

ҚР қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы бұйрығымен 2018 жылғы 16 ақпандағы «Қазақстан Республикасы аумағында салық төлеушілер жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысу кезінде мәліметтерді жазып және (немесе) жіберіп отыратын қызметі бар бақылау-кассалық машиналарды қолданатын іс-әрекеттердің түрлерін бекіту туралы» №206 бұйрығына өзгерістер мен қосымшалар енгізілді» деп жазады Zakon.kz.

Бұл құжатта қандай іс-әрекеттерде бақылау-кассалық машиналар (БКМ) қолданылатыны көрсетілген. Атап айтқанда бұл тізімге таксистер де кіреді.

Олар жолаушыларына фискальды түбіртектерді 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап беруі тиіс.

Бұл талап жолаушылар мен жүктерлі автоөліктермен тасымалдау Ережесінде де көрсетіліп, таксилер жұмыс істеп тұрған таксометр немесе бақылау-кассалық машиналармен жабдықталады деп жазылған.

Бұған қоса әсемдік салондары, техникалық қызмет көрсету станциялары, қосалқы бөлшек сатушылар, риэлтор және жарнама агенттіктері, сонымен қатар сауда және қызмет көрсету саласындағы барлық ұйымдар да бақылау-кассалық машиналармен жабдықталуы тиіс.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер