90-нан астам бала Сириядан Қазақстанға оралды

Screenshot_3.jpg

Соңғы екі жылда Сирия, Ирак шекарасынан 39 отбасы Қазақстанға оралды, оның ішінде 9-і – бала. Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Оралғандардың бәрі Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау орталықтарын дамыту «Право» қоғамдық қорының өкілі Ольга Рыль айтты.

«Соңғы екі жылда 39 отбасы, оның ішінде 91 бала Отандарына оралды. Олар Иран, Египет, Түркия сияқты елдерде дүниеге келгендеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналады. Төрт баласы бар отбасылар да, ата-анасы жоқ балалар да бар», - дейді ол.

Ол алғашқы бала Қазақстанға 3 жыл бұрын оралғанын, қазіргі уақытта жетінші сыныпта оқитынын айтты.

Қазақстанда террористік белсенді аумақтардан оралғандарды қоғамға бейімдейтін 13 орталық бар. Мұндай орталықтар Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе облыстары мен Көкшетау, Атырау, Жезқазған, Қаскелең қалаларында бар.

Қоғамдық қор өкілі бұл орталықтар әйелдердің кәсіби курстан өтіп, жұмысқа орналасу мәселесін шешуге де көмектесетінін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер