Түркіменстанда жұрт аштан өлмес үшін үстіндегі соңғы киімдерін сата бастады (фото)

Screenshot_1.jpg

Мемлекеттік мәгәзіндерде халық ұн алу үшін бірнеше күндік кезекте тұр. Оны базардан да алуға болар еді, бірақ базардағы бағалар удай. Бұл жөнінде 365info.kz хабарлайды.

400 мыңдай халық тұратын Туркменабад қаласында халық үстіндегі ескі киімдерін жерге жайып қойып сатып отыр. Жырақтағы аудандардан келетіндер жаңа киімді қымбатсынып, осы жерден киінеді екен. Арзанға көйлек, тәпішке тапқанына мәз.

Қалалық жерлердің өзінде жұмыс жоқ, алыстағы ауылдар туралы не айтасыз?

Әйелдер мен қыздар байшыкештердің күңі болды, көлігі жоқ, таксовайт ете алмайтын еркектер көрінген жұмысқа жегілетін құл болған.

Туркменабадтағы дүкен атаулы ұзын-сонар кезектерден көз ашпай тұр. Адам басына 5 келіден артық ұн сатпайтын күйге жетті, деп жазады АНТ.

Ең сорақысы, «биыл рекордтық астық жинадық», деп жар салынған ел ұн тапшылығына тап болуда. Бейшара халық бәрін биліктен көреді: «дүкендерге ұн үлкен мөлшерде келеді де, базарға тасылады: нәтижесінде базарда үш есе қымбат бағамен ұн толып тұр, дүкенде лимит енгізілген. Сұйық майдың да жайы осындай», — дейді жергілікті тұрғындар.

Screenshot_2.jpg

Полицейлер аңдып тұрады

Азық-түлік алуға халық тұрған кезектерді полицейлер бақылайды екен. Олар кезекте тұрып қаны қайнағаннан билікке тіл тигізетін, соткасына видео түсіретін «сатқындарды» аңдиды.

Screenshot_3.jpg

Ашхабад та оңып тұрған жоқ

Ия, ел астанасында да сол жағдай деседі. Бір қолға екі нанан артық сатпайды. Бір наныңыз 1 манат (106 теңге). Коммерциялық дүкендерде тура осы нан 5-6 манаттан сатылады (республикада ең төменгі пенсия 279 манат, ең төменгі жалақы – 715).

Бірақ ресми баспасөзге сенсеңіз, елде бәрі керемет — азық-түлік жеткілікті. Түркіменбашы Гурбангулы Бердымухамедов телевизордан солай ғана сөйлейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер