Дариға Назарбаева білім басқармаларын жауып тастау керектігін айтты

Screenshot_1.jpg

Парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева аудандық білім басқармаларын жауып тастау қажеттігін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатор мектептерді тікелей қаржыландыру керек екенін жеткізді. Ол бөлінген қаржылар аудындық білім басқармаларында қалып, мектептерге жетпей қалуы мүкін екенін тілге тиек етті.

"Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажеті жоқ болып қалады. Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт аталған басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме?

Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға немесе күрделі жөндеуге ата-аналардан жинап, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп орын алады. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет", - деді Дариға Назарбаева.

Журналистердің сұрағына жауап берген депутат бүгінде шет елдердегі мектептерде тікелей қаржыландыру тәжірибесі қолданылатынын атап өтті.

"Мысалы, қазір "Күнделік" деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен көп шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат бар", - деді сенатор.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың банк шоттарына енді жасанды интеллект талдау жүргізеді
  • Үкім, айқай, дүрбелең: Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды
  • Әлемде бала туу көрсеткіші күрт төмендеді
  • Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор Абзал Шынасылға 23 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Рейтинг: Орталық Азиядағы ең әсем қала
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер