Назарбаев Джордж Бушқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Screenshot_1.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың 43-ші президенті Джордж Уокер Бушқа әкесінің өліміне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

Елбасы АҚШ-тың 41-ші Президенті Джордж Герберт Уокер Буштың қайтыс болғаны туралы хабарға қатты қамыққан. 

«Әкеңіз елінің нағыз патриоты болған, әрі Американың өркендеуіне зор үлес қосқан. Ол қырғи-қабақ соғыстың аяқталуына және жаһандық қауіпсіздікті сақтауға зор үлес қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде әлем тарихында өшпес із қалдырды. Қазақстан халқы Джордж Бушты екі жақты достық қарым-қатынасты орнатуға және оны нығайтуға көп күш жұмсаған дана саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады"...

"Ол - біздің тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған көшбасшылардың бірі. Джордж Буш екеуіміз жақсы дос болдық және жиі кездесіп тұратынбыз. Оның Техастағы резиденциясында, әсіресе 2006 жылы Кеннебанкпорттағы үйінде маған көрсеткен қонақжайлығын әрқашан жылы сезіммен еске аламын. Барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және бүкіл Америка халқына көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

АҚШ-тың 41-інші президенті үлкен Джордж Буш 30 қараша күні 95 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер