Бердібек Сапарбаев Димашпен келіскенін айтты

Screenshot_3.jpg

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атақты әнші Димаш Құдайбергеннің өзіне кандай уәде бергені жайлы айтып берді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Былтыр Димаш екеуміз жыл сайын Ақтөбеде балалар фестивалін өткізетін болып келістік. Өткен жылы 24 елден талантты балалар келді. Димаш үздігін шетелдегі концертіне катыстыратынын айтқан болатын. Ол сөзінде тұрды", - деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы алдағы жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы атап өтілетінін жеткізді.

"Амандық болса, қаланың мерейтойында Димаш үлкен концерт қояды. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мүмкін стадионда, мүмкін өнер орталығында концерт берер. Оған бар мүмкіндікті жасау керек", - деді әкім.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер