Әйгілі ғалым 82 жылдан кейін адамдар не үшін мәңгі өмір сүретінін айтты

Screenshot_2.jpg

Танымал ғалым, футуролог, физика профессоры Митио Каку 2100 жылы адамдар мәңгі өмір сүруге қол жеткізеді деген пікірде. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз бүгінде қартаюға жауап беретін 60 генді жоя алдық. 2100 жылы адамдар мүлде қартаймай, мәңгі өмір сүре алатын болады деп ойлаймын.

Біз Жер бетінен он мыңдаған жыл бұрын жойылып кеткен тіршілік иелерін қайта тірілте алатын боламыз. Бізде мамонт пен неандертальдықтың геномы бар.

Болашақты үш фактор айқындай түспек: жасанды интеллект, биотехнология және нанотехнология", - дейді ғалым.

Митио 2100 жылы көліктер роботқа айналатынын айтуда. Одан бөлек өте арзан Күн энергиясына ден қойылады екен. Ғалым роботтар санаға ие болып, адамзатқа қарсы шығуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер