Айжан Байзақова этикадан жұрдай Ләйлә Сұлтанқызын қатаң сынға алды

Screenshot_28.jpg

Коллаж: NUR.KZ

Атышулы блогер Айжан Байзақова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Өз ойым" бағдарламасын сынға аламын деп желіде қызу талқыға түсті. Бойжеткеннің Instagram парақшасында жазған жазбасына оқырмандар өз пікірін білдірген деп жазады NUR.KZ. 

Отандық арнаны тамашалағаны үшін өкінген Байзақова танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламадағы сөйлеу әдебін сынға алған.

"Маған отандық арналарды көрме дейтін. Сөйтсем, білетіндер бекер олай айтпайды екен. аңғы сағат 05:00-те "Өз ойым" бағдарламасын көремін деп, қатты таңғалдым. Тележүргізушілер бұл жерге қалай келген?

Екі сөздің басын қоса алмай отырып, "қатын" және "гей" деп айта беретін ер адам - барып тұрған "гомофоб". Бұл орынға қалай келдің? Жүргізуші ер адам аузын ашқан сайын, сөйлемесе екен деп отырдым.

Жүргізуші әйел бұрыннан танымал екен. Бірақ ешқандай этика жоқ. Ол ұлттық арнада қалай жұмыс істеп келе жатыр? Телевидение сіздің желідегі жеке парақшаңыз емес.

Бағдарламаға келген қонақты әдейі ашулануға итермелейді де, артынша өзі сабырға шақырады. Бұл не деген сұмдық?

Сосын бағдарламаға шақырылған адам неге қазақша сөйлеуге міндетті? Керек болса, аудармашы жалдаңыздар.

Осы бағдарламаның құрметті жүргізушілері, ең бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздерші. Өздеріңіздің діни көзқарастарыңыз бен тәрбиелеріңізді тықпалағанды қойыңыздар", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер