Дәрігер науқасты "маған десең өле қал" деп қарғады

Screenshot_1.jpg

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Север ауданының орталық ауруханасында науқас алдын ала жазылмағандықтан, дәрігер оған инсулин жазып беруден бас тартқан. Бұл туралы РИА Новостиге аудан басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марина Наумейко хабарлады.

Науқас дәрігермен арадағы әңгімені смартфон камерасына жазып алған. Ол басқа қалада болғандықтан, ертерек келе алмағанын, ал қазір инсулині таусылғанын және күте алмайтынын түсіндіруге тырысады.

«Өте нашар. Уақытында келу керек», — деп долданған дәрігер амбулаторлық картаны еденге лақтырып жібереді де: «Маған десең, өле қал, жазып бермеймін» дейді.

Аурухана басшылығы түсіндіргендей,оқиға 7 қарашада болған, ал келесі күні дәрігер қызметінен босатылған. Емдеу мекемесінің әкімшілігі науқастан кешірім сұрап, қажетті дәрі-дәрімекті алып берген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер