Шенеуніктер қымбат көліктерден бас тартты

597bx.jpg

Елорданың әкімдігі қандай көліктерден бас тартқанын және темір тұлпарларды қайда жіберетінін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Қалалық биліктің айтуынша, бөлімнің балансында түрлі брендтердің автокөліктері: Skoda Superb мен Octavia; Kia Cerato, Quoris, Mohave, Cadenza; Toyota Camry; AudiA8; үш Lexus LX болған.

Әкімдік бас тартқан көліктер әртүрлі әлеуметтік және ведомстволық мекемелерге жіберілген.

Олардың қатарында полиция, "Елордалық Даму", "Жаснұр", экономикалық бөлім, театрлар, перинаталдық, оңалту және басқа да медициналық орталықтар, балалар үйлері, колледждер, мектептер, прокуратура, кітапхана, тұрғын үй қоры, мемлекеттік мұрағат, клиника бар.

Бұдан бұрын Астана әкімдігі ресми көліктерден бас тартқаны белгілі болған екен.

Енді қала басшысы мен оның орынбасарлары, округтер басшылары және барлық лауазымды адамдар жұмысқа қажеттілік туындаған кезде такси көмегіне жүгінеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер