Белгілі дінтанушы әйелдерге орамал тағу міндетті емес екенін айтты

Screenshot_1.jpg

Мұртаза Бұлытайды танымайтын қазақ жоқ шығар. Белгілі дінтанушының желідегі жазбасы желіде біршама талқыланған екен деп хабарлайды 365info.kz

Мұртаза Бұлытай осы арқылы орамал дауына қатысты мәселеге нүкте қоюға тырысыпты.

«Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?!», – дейді ол.

«Бар нәрсені бар деп айтайық, жоқ нәрсені жоқ деп айтайық, осындай қарапайым принцип қой, еш қиындығы жоқ», – дейді дінтанушы.

Оның айтуынша, Құран кішкентай кітап емес.

600 бет, 30 пара, 114 сүре, 6236 аят бар.

Жүздеген тақырып қозғалған, ішінде өрмекші туралы сүре бар, құмырсқа туралы аят бар, есек пен ит, шошқа мен маймыл туралы да айтады, жеті қат аспан, үңгір, жұлдыздар, өзендер туралы айтады, тақырыптар егжей-тегжейлі айқындалған.

«Бірақ, осы көлемді кітапта әйелдер шаштарын немесе бастарын жапсын деген бір ауыз сөз жоқ! Неге?!

Діннің ондай бір талабы болса, ең болмағанда, бір аятында, бірнеше аятында мұсылман әйелдер шаштарын жапсын, көрсетпесін деп ашық, бүкпесіз айтуы керек емес пе еді?!

Шашты жабудың себептерін түсіндіріп, осы бұйрықты орындамағандарға қолданылатын шаралар туралы да айтуы ләзім еді ғой, бірақ ол жоқ!», – деген екен Мұртаза Бұлытай.

Бұл ретте ол:

«Демек, бұл діннің мәселесі емес, бұл халықтың киіну мәдениетінің, тұрмыстық мәдениетінің, әлеуметтік ортасының мәселесі, әдет-салтына, тұрған жеріне, ауа райына, қолжетімді материалдарға қарай өзгеріп тұратын нәрсе», – деген пікір білдіріпті.

– Сондықтан Құран оған орын бермеген, адамдардың еркіне қалдырған.

Енді Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?!

– дейді Мұртаза Бұлытай. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер