Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жаңа басшы келді

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әлия Шалхарова тағайындалды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлия Шалхарова 1977 жылы ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша - педагог-хореограф, психология мұғалімі, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1998 жылы «Сафар» Өзбекстан Корея бірлескен кәсіпорны би ұжымының басшысы болудан басталған.

1999 жылдан 2000 жылға дейін - «RT-USA» балет тобының менеджері. Өзбекстан Республикасы клубтық спорттық хореография кооперативі кешенінің көркемдік жетекшісі.

2004-2006 жж - Өзбекстан Республикасы А.Навои атындағы мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі.

2006-2014 жж - «RAQS TEATRI OFARIN» би театрының директоры, көркемдік жетекшісі.

2016-2018 жж - ОҚО мәдениет басқармасының «Түркістан сарайы» МКҚК-ның директоры.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер