Бокстан Қазақстан чемпионаты Ақтауда өтеді

91.jpg«ҚБФ аумақтардан келіп түскен өтініштерді тыңғылықты зерделей келе, Қазақстан чемпионатыныңжалауын қазыналы қарт Каспий өңірінде желбіретеміз деп ұйғарды. Маңғыстау жерінде тұңғыш рет өткелі отырған бокстан республика біріншілігі екі мың жанкүйерге шақталған «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 11 мен 18 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған», - дейді ұйымдастырушылар.

Маңғыстау облысы бойынша бокс федерациясының президенті Марат Ормановтың айтуынша, байрақты бәсеке Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойымен де ұштастырылып отыр.

«Маңғыстау облысында бокстың беделі асқақтап тұр. Мыңдаған жастарымыз осы спортқа ден қойған. Барлық 5 аудан мен Жаңаөзен, Ақтау және Форт-Шевченко қалаларында бокс үйірмелері тұрақты түрде жолға қойылған. Жаттықтырушылар да жеткілікті. Барша спортсүйер қауымды жанкүйер болуға шақырамын. Жарыс өте тартысты болады. Себебі, оқ бойы озып шыққан үздіктер ұлттық құрамаға іріктеліп алынып, 2020 жылы Токиода болатын Олимпиадаға барады», - дейді Марат Орманов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер