Қазақстанда 7 мың адам қатысатын дискотека өтеді

12978661_ml.jpg

Қаладағы Сұлтан Бейбарыс алаңында 3 сағат бойы 80-90-ы және 2000-ы жылдардың хит өлеңдері қосылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам белсенділері ашық аспандағы дискотеканы ұйымдастырған болатын. 80-90-ы және 2000-ы жылдардың хиттеріне билеуге келген халықтың рекордтық саны 7 мыңды құрайды.

"Бұл дискотека алдыңғы рекордты жаңартты. 31 тамызда болған шараға шамамен 5 мың адам жиналған болатын.Кешкілік жұма кешінде адамдар жұмыстан шаршағанына қарамастан, барлығы отбасымен келіп, үш сағат бойы билеуді тоқтатпады", - дейді ұйымдастырушы Арман Хайруллин.

Айта кетейік, Қазақстандағы екінші рет мұндай ашық аспанда ретро дискотекасын ұйымдастырған әзірге Атырау қаласы ғана болып табылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты шара дәстүрге айналып, одан да көп азаматтарды жинауды жоспарлап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер