БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады

image.png

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні Ливанда болған оқиғаны айыптады. Оқиға салдарынан Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінде (UNIFIL) қызмет ететін үш ганалық азамат жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Бітімгерлік күштері Ливанның оңтүстік-батысындағы толассыз атқылау нәтижесінде жарақат алды.

-Бас хатшы БҰҰ қызметкерлері мен мүлкінің қауіпсіздігі әрқашан сақталуы керек екенін және кінәлілер жауапқа тартылуы керек екенін атап өтті,- деді БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде.

-БҰҰ ғимараттарына соққы беруге болмайтындығын барлығы білуі керек-, деді Дюжаррик.

Бас хатшы жарақат алғандардың тезірек және толық сауығып кетуін тілейтінін айтты.

-БҰҰ барлық тараптарды дереу шиеленісті азайтуға және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1701 қарары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауға шақырады, -деп атап өтті ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер