Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі

image.png

Түркістан облысында өткен жылы бірқатар кәсіпорындарда жалақының уақытылы төленбеу деректері тіркелді. Нәтижесінде 6 кәсіпорында 4 890 қызметкерге қатысты 454,7 млн теңге көлемінде жалақы қарызы анықталған. Жыл қорытындысы бойынша бұл берешек толық өтелді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлағандай, қазіргі таңда бір мекемеде 101,2 млн теңге жалақы қарызы сақталып отыр. Аталған мекеме басшысына тиісті нұсқамалар беріліп, әкімшілік шаралар қабылданған.

Департамент басшысы Амангелді Әліштің айтуынша, өткен жылы еңбек қатынастарына байланысты 2 958 азаматтан арыз-шағым түскен. Оның 2 073-і қаралып, 350 тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 746 заң бұзушылық анықталып, мекемелерге 35,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның 31,5 млн теңгесі өндірілген.

Түскен шағымдардың басым бөлігі мемлекеттік органдарға қатысты болған. Атап айтқанда, арыз-шағымдардың 67 пайызы мемлекеттік секторға, 33 пайызы жеке мекемелерге тиесілі. Салалар бойынша ең көп шағым білім беру саласына тиесілі — 68 пайыз. Одан кейін денсаулық сақтау саласы 12 пайызды құраған. Мемлекеттік мекемелерге қатысты арыз-шағымдар 8 пайыз, әлеуметтік сала 2 пайыз, ал өзге салалар 10 пайызды көрсеткен.

Сондай-ақ өткен жылы өндірістік жарақаттануға байланысты 104 хабарлама тіркелген. Тексеру барысында олардың 48-і еңбек қызметіне қатысты жазатайым оқиға ретінде тергеп-тексеруге жатпайтыны анықталып, бақылаудан алынған. Есепті кезеңде 50 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 57 адам жарақат алған, 8 адам қаза тапқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер