Президент "жалқау" министрлерді жұрттың көзінше жұмыстан қуып жіберді

Screenshot_1.jpg

Белорусь президенті Александр Лукашенко Витебск облысының Оршанск қаласына барған іссапарында елдегі бірқатар шенеуніктерді сынға алып, орындарын босатуын талап етті. Ол тіпті ашу үстінде қолымен үстелді соғып, қарамағандығаларға сес көрсеткен деп хабарлайды belta.by-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осылайша Витебск облысының губернаторы Николай Шерстневке Белорусь басшысы "өз ісіне немқұрайлы қарағандығы әрі тапсырмаларды уақтылы орындамағандығы үшін" қатаң ескерту жасаған. 

Ал, өнеркәсіп министрі Виталий Вовка мен сәулет және құрылыс министрі Анатолий Черныйдан президент тез арада отставкаға кетуін талап етіпті.

Сол сияқты мемлекет басшысының ескертуінен мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитеті мен қауіпсіздік кеңесінің төрағалары да қашып құтыла алмапты.

"Егер жағдайды күзге дейін реттемесе, сіздер де жаңағы әріптестерінің соңынан кетесіздер. Басқаларға да соны ескертемін", - депті президент.

Лукашенко әсіресе елдегі өнеркәсіп министрлігінің жұмысына көңілі толмаған. Ол оған Оршанск қаласындағы зауыттардың біріне жұмысқа тұруға кеңес берген.

"Егер мен айтқан тапсырмалардың бірі де орындалмаса, өздеріңізден көріңіздер. Әріптестеріңіз сияқты орындарыңыздан кетесіздер", - деп ашуға булыққан Лукашенко.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер