Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды

image.png

Кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, табиғи популяциясының қалпына келуі үшін облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, қызыл мияны 5 жыл, ал кеуректі 8 жыл бойы жұлуға тыйым салынды. Енді оларды заңсыз қазғандарға шара көрілетін болады. 

Осыған орай, сасық кеурек өсімдігінің заңсыз қазылуының алдын алу бойынша Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ  өкілдері Арыс қаласы, Отырар, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарына  арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде Арыс қаласының аумағын аралау барысында Ақдала ауылдық округінен 4 уақытша тұрғынжай және жабайы сасық кеурек өсімдігінің тамырын қазып жүрген 23 шетел азаматы анықталды. Олардың 8-і Өзбекстан, 15-і Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты. 

Сонымен қатар, Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылдық округінің 2598 гектар аумағынан 4 уақытша тұрғынжай және жабайы өсетін сасық кеурек өсімдігін заңсыз қазып жүрген 45 шетел азаматтары анықталды. Оның ішінде 39-ы Өзбекстан, 6-уы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

Аталған азаматтардың барлығы полиция бөлімдеріне жеткізіліп, 23 шетел азаматы жергілікті соттың шешімімен ел аумағынан аластатты. Ал, қалған 45 шетел азаматтары бойынша сотқа дейінгі іс-құжаттар дайындалып жатыр.

Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер