Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас

image.png

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы статистиканы жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың басында Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан 32,3 жасқа дейін өскен.

Гендерлік бөліністе ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.

Өңірлер бөлінісінде ең жас тұрғындар Түркістан облысында – орташа жас 27,7 жыл. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы – 27,8 жас.

Ал ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 39,2 жас. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 38,9 жас, Қостанай облысында – 38 жас.

Статистикалық деректерге сәйкес, қала тұрғындарының орташа жасы – 32,7 жас, ауыл тұрғындарында – 31,7 жас.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер