Оңтүстікті шегіртке қаптап жатыр. АШМ өкілі жауап берді

image.png

Көктемі ерте келетін Оңтүстік өңірлерде зиянкестермен күрес жұмыстары  жыл сайын жүргізілетіні мәлім. Соған қарамастан биыл бұл өңірде шегіртке қаптады деген ақпарат әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Бұл қаншалықты рас? Бұл сұраққа  Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин жауап берді. Оның айтуынша  бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды деп жазады RGmedia.kz тілшісі. 

— Биыл үйірлі шегірткелер 2,1 млн гектарға дейін жайылуы мүмкін деп болжанған. 20 мамырдағы жағдай бойынша 2,3 млн гектардан астам аумақ зерттеліп, 429 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары 95% аяқталды, қазір қосымша тазарту жүргізіліп жатыр. 11 өңірде итальяндық прус пен азиялық шегірткемен күрес жалғасып жатыр. Мониторингке 4600-ден астам маман тартылған. Қорғаныс шараларында заманауи, жоғары тиімді пестицидтер қолданылды, — деді Олжас Тлебалдин.

Сондай-ақ, жұмысқа 443 арнайы техника жұмылдырылды. Өңірлерде облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды. Жағдай мемлекеттік инспекция комитетінің тұрақты бақылауында, деп қорытындылады Тілебалдин.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер