Руслан Берденов мәлімдеме жасады

image.png

Жарақат алып, бірнеше апта ауруханада жатқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов оқыс оқиғадан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. Шенеунік әлеуметтік желі парақшасында жағдайының жақсы екенін және жақында жұмысына қайта кірісетінін айтты.

"Менің басыма түскен ауыр жағдайдан көпшілігіңіз хабардарсыздар деп білемін. Бұл оқыс оқиға маған да, менің отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын.  Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді",- деген ол еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігіне көз жеткізгенін және дәрігерлерге алғысын білдірді. 

Еске сала кетейік, қалалық әкімдік ғимараттың алдында  Руслан Берденовке 21 сәуірде шабуыл жасалған болатын. Ауруханаға жеткізілген әкім орынбасарына ота жасалды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

image.png



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер