Түркістандықтар қоқыс жинап жарысты

 image.png

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Кентау қаласының Хантағы ауылында ерекше форматтағы тазалық шарасы ұйымдастырылды.

«Қаратау қорығы» аумағында өткен бұл шара — жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни плоггинг түрінде өтті. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, жастарды экологиялық сауаттылыққа баулу және тұрғындардың табиғатқа жанашырлығын арттыру.

Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арнайы қатысып, табиғатты аялауға белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде қоршаған ортаның тазалығы — адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.

Жарысқа қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, қалалық мәслихат депутаттары, колледж студенттері мен еріктілерден құралған 35 команда қатысты. Плоггинг барысында 15 арнайы техника жұмылдырылып, 300-ден астам қап қоқыс шығарылды. Жалпы шараға 500-ден астам адам атсалысты.

Тазалық эко-жарысының қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар жүлделі орындарға ие болып, Кентау қаласының әкімі Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

image.png



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар қоқыс жинап жарысты
  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер