12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді

image.png

АҚШ-тың 12 штатының бас прокурор-демократтары Трампты сотқа берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Олар президентті Трамп енгізген салық экономикаға зиян келтірді деп айыптап отыр.

Басым көпшілігін демократтар басқаратын штаттардың прокурорлары президентті сотқа берген. Олардың айтуынша, "Трамптың өз еркімен баж салығын енгізуге құқығы жоқ".

Прокурорлар салық енгізуге, айыппұл салуға заң тұрғысынан Конгресстің ғана құқығы барын алға тартты.

Бұл жарлықтар президенттің заңдық өкілеттілігін саналы жүзеге асыруға емес, қисынсыз назына байланысты болып отырған ұлттық сауда саясатын бейнелейді, - делінген АҚШ-тың халықаралық сауда бойынша сотына берілген шағымда.

Жаппай шағым сот өткен аптада Трамп әкімшілігін сауда соғысының күшеюіне айыптаған соң берілген.

Президент заңсыз саясатты жүргізіп, азық-түлік дүкендері мен коммуналдық қызмет бағасын өсірген кезде біз де бей-жай қарап тұра алмаймыз. Бұл тарифтер өміріміздің әрбір бұрышын қамтиды, - деді Орегонның бас прокуроры Дэн Рэйфилд.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер