Қызғылт Ай. Бүгін аспаннан ерекше астрономиялық құбылысты байқауға болады

image.png

Бүгін Жердің кейбір  тұрғындары аспаннан ерекше сирек кездесетін құбылысты байқай алады. Яғни 12 сәуірде көкжиектен көктемнің алғашқы толық айы көтеріледі. Бұл  толық Ай "қызғылт Ай" деп аталады, деп хабарлайды  BAQ.KZ-ке сілтеме жасаған rgmedia.kz тілшісі.

Алайда бұл атау Айдың түсіне байланысты емес. "Қызғылт Ай" - Солтүстік Америкада сәуір айында гүлдейтін Phlox subulata (қызғылт мүк) өсімдігіне қатысты ежелгі атау. Дегенмен, күн батқан сәтте атмосфера әсерінен Ай шын мәнінде аз уақытқа қызғылт түске еніп көрінуі мүмкін.

Бұл түнде тағы бір қызықты көрініс күтіп тұр. Яғни, Аймен қатар Спика жұлдызы да аспанда байқалады. Солтүстік Америка тұрғындары оны Айдың сол жақ үстінен көре алады. Еуропада — Айдың астында сол жағынан көрінеді. Ал Оңтүстік Америкада бұл жұлдыз көрінбейді, себебі оны Ай жауып қалады.

Ай бұл жолы супер Ай емес. Яғни, Жерге ең жақын қашықтықта болмағандықтан, әдеттегіден кішігірім болып көрінеді.

Келесі толық ай 12 мамырда болады. Ол "гүлді Ай" деп аталады. Бұл құбылыстың адамдарға ешқандай әсері болмайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер