Ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына енді сыйақы берілмек

image.png

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында көпшілікпен cүйінші жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

Аймағамбетовтың айтуынша енді елімізде халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы берілмек. 

"Мәселелерді кезең-кезеңімен шешу – ең тиімді әдістердің бірі. Кейде бір мәселені шешу үшін ұсыныс жасайсың, бірақ ол бірден қолдау таппауы мүмкін. Осындай сәттерде кейбір адамдар беті қайтып, бастамасынан бас тартады. Алайда мәселені қайта-қайта көтеріп, біртіндеп ілгерілетсең, түптің-түбінде оны толық шешу мүмкіндігі пайда болады. Мысалы, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына университетке түсу үшін грант беру және біржолғы ақшалай сыйақы тағайындау мәселесін біз екі жыл бойы көтердік. Тіпті, ашығын айтқанда, министр болған кезімде тек халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары ғана емес, ғылыми жобалардың да жеңімпаздары осы бұйрық жобасына енгізілген еді. Бірақ Қаржы министрлігі "қаражат жетпейді" деп қолдамай, сол бұйрықпен тек олимпиада жеңімпаздары қамтылған еді, - деп жазды депутат.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері марапатталды
  • Президент Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
  • 12 штаттың бас прокуроры Трампты сотқа берді
  • Аида Балаева: Джей Лоның концертіне балаларыммен бірге барамын
  • Әкім Тарази дүниеден өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер