"Жомарт" кенішіндегі апат: Газ жарылған

image.png

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев "Жомарт"  кенішіндегі апаттың себебі айтты деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі. 

Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауы тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет,- деді ол.

Бозымбаев сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатқанын айтты. 

"Қазақмыс" жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған несиелерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады,- деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, шахтаның жұмысы қазір уақытша тоқтатылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер