Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқарады

image.png

 Өзбекстан парламенті жаңа заң жобасын мақұлдады.  Енді кітап оқығаны үшін сотталушылардың  жаза мерзімі қысқаруы мүмкін. Жазасын өтеушілердің қолына кітап алуы олардың моральдық тұрғыда түзелуіне ықпал етеді, деп есептейді депутаттар. 

Бір  кітапты оқып, сол кітап бойынша емтиханды сәтті тапсырған азаматтардың жаза мерзімі 3 күнге қысқарту жоспарланған. Жаңа заң жобасы сенаттың қарауына жіберілген. 

Заң жобасында шектеулер де бар, оған сәйкес сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды. Сондай-ақ оқуға болатын әдебиеттердің тізімі де мемлекеттік ұйым бекітеді. Сарапшылардың пайымынша, жаңа заң жобасы сотталғандардың өмірі мен көзқарасына оң әсер етеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер