
Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округінде жаңа туристік нысан ашылды. Мұнда құны 50 миллион теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем алуда. 6 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ Зертас ауылдық округінде құны 130 миллион теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылып. 10 адам жұмыспен қамтылды. Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 миллион теңге болатын демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекраециялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде. Жалпы құны 2 201,7 млн теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба іске асуының нәтижесінде 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Салаға жауапты мамандар 2024 жылы құны 803 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда дейді. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
