Төлеби ауданы аумағында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны - 140. Өткен жылы бұл саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 3 миллиард 529.6 миллион теңгені құрап, жыл көлемінде 8 ірі демалыс аймағы іске қосылды. Солардың бірі Қасқасу ауыл округінде құны 200 миллион теңгені құрайтын «Кіші Европа» демалыс аймағы ашылып, онда жұмыспен қамтылды. Ал Ақмешіт шатқалында ашылған К. Ысқақовтың демалыс аймағының құны 352 миллион теңгені құрады. Нысан іске қосылып, 10 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар «ALMA-TAU» демалыс орнындағы спорттық сауықтыру кешенінде қонақ үй мен спорт кешені құрылысы ашылды. Құны 2 млрд 539 млн. теңге, 30 жұмыспен қамтылды. Нысанбек елді мекенінің жоғарғы жағында жеке кәсіпкер Г.Файзиева демалыс аймағын ашып, 8 адамды жұмыспен қамтыды. Жобаның құны 240 миллион теңге.
Жеке кәсіпкер Ал Х.Назарованың демалыс аймағы Алатау ауыл округінде іске қосылды. Жобаның құны 90 миллион теңгені құрап, 6 адам жұмыспен қамтылған.
