10 жоба жүзеге аспақ

image.png

Төле би ауданының демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы, «Алма-тау» тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге «Біркөлік» санаториясы, «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған «Сақ» демалыс аймағындағы 3 көлде карп пен форель балықтары өсірілуде. 

Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы Ақмойнақ тауының бөктерінде «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд. теңге қаралды. 

Кешен іске қосылған уақытта қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін шаңғы тебуге мүмкіндік тумақ. Жазда тау баурайындағы демалыс аймақтары туристерге қызмет көрсетеді. Демек, Қасқасуда жылдың барлық мезгілінде демалуға мүмкіндік ашылады.

image.png

Туризм саласына тартылып жатқан инвестициялар көлемі де артып келеді. Мәселен Қасқасу ауылдық округінде құны 187 миллион құрайтын «Top resort»  демалыс орны ашылды.  Кешен тәулігіне 50 адамды қабылдайды. 

Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 млрд. теңге болатын 10 жобаны (демалыс аймақтары, қонақ үй мен спорт комплекс, оңалту-сауықтыру орталығы) іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде  келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер