Түркістан облысында штаб құрылып, ситуациялық орталық ашылды

коронапаракша.jpg

Түркістан облысы әкімдігі өңірде COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық қажетті шаралар жоспарын қабылдады. Соған байланысты арнайы құрылған ситуациялық орталық пен жұмысын бастаған штабтың коронавирусқа қатысты деректері облыс әкімдігінің сайтындағы сағат сайын жаңаланатын арнайы ашылған парақшада жарияланады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев мәлімдеді, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

– Коронавирустарға қатысты халық арасында, әлеуметтік желілерде де көптеген мәліметтер тарап жатыр. Сол себепті Түркістан олысының тұрғындарын тек тексерілген мәліметпен қамту үшін turkistan.gov.kz сайтында арнайы парақша ашылды, бүгіннен бастап іске қосылады. Бұл жерде COVID-19 инфекциясы туралы толық мәлімет пен коронавирустан қалай қорғану қажеттігі, облыста оған қарсы қандай шаралар атқарылып жатқандығы, жалпы ресми деректер осында жарияланады. Сосын мұнда қоғамдық орындардың, сауда орталықтарының қайсысы істейтіні не істемейтіні, қайсысының жабылғаны не қай уақытта жұмыс жасайтыны туралы мәліметтер де салынады. Үйден шықпас бұрын қайсысына баруға болатынын қарап білуге болады. Көпшілікті жиі мазалайтын сұрақтардың жауаптары да осында салынады, – дейді аталған ресми парақшаны журналистерге таныстырған әкімнің орынбасары. 

сакенулан.jpg

Бірақ, Түркістан облысының түгелдей мемлекеттік тілде сөйлейтін тұрғындарына тексерілген мәлімет беретін аталған ресми парақша жауапты қызметкер Сұлтан Сембиев жедел құрастырдық деп ашып көрсеткенде орысша болып тұрды. Білдей облыс әкімінің қос бірдей орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Ұлан Тәжібаев енді мемлекеттік тілге аударылатынын жасырмай айтты. 

Ситуациялық орталықтағы штаб құрамында барлық басқарма басшыларының орынбасарлары жұмыс істейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда өсіретін балықтың 70 пайызы Түркістан облысына тиесілі
  • Түркістан облысына 8 айда тартылған инвестиция 260 млрд теңгені құрады
  • Түркістан облысының кәсіпорындары 8 айда 344 млрд. теңгенің өнімін өндірді
  • Елбасы тапсырмасымен құрылған «Birgemiz» қор 32 үйді пайдалануға береді
  • Кентауда жалғыз басты ана мал бордақылаумен айналысады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер