182 оқушы оқу-жаттығу сабақтарына қатысуда

Ағымдағы жылдың 31 қазан - 4 қараша аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын олимпиадаға дайындау мақсатында математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен 182 оқушы оқу-жаттығу сабақтарына қатысты.

Screenshot_32.jpg

Оқу-жаттығу сабақтары төмендегі мектеп базаларында өткіп жатыр.

Атап айтсақ:

Математика пәні М.Тасова атындағы 3 тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернаты;

Физика пәні- Қазығұрт ауданы мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернаты;

Информатика пәні-Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты;

Химия пәні-Түлкібас ауданының 3 тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты;

Биология; пәні-мамандандырылған Кентау “Дарын” мектеп-интернаты;

География пәні- Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты. 

Сонымен бірге "Балалар жылы" аясында Түркістан облысы, Төлеби ауданының оқушылары түрлі деңгейдегі байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанып отыр. Мұның бір жарқын көрінісі – Төлеби аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Самад Қалжігіттің «Өнерге қанат қаққандар» атты V халықаралық өнер байқауында І орынды жеңіп алуы.

Алматы қаласында ұйымдастырылған аталмыш байқауда төлебилік оқушы вокал номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ал өнерпаз шәкіртті байқауға дайындаған педагог Темірғали Меңтай Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында 2022 жылды «Ба-лалар жылы» деп жариялап, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қол¬дау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма бер¬ген еді. Мемлекет басшысы: – Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз ,– деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін құр даңғыра сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер