Кешке дейін жоспарланған жәрмеңке түсте тарап кетті

ярмарка.jpg

Түркістан қаласында елде пандемияға байланысты карантин режимі жарияланғалы бері алғашқы рет азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені облыс әкімдігінің қолдауымен Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Кәсіпкерлік және сауда басқармасы ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде Арыс қаласының, Келес ауданының тауар өндірушілері мен «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылды. Атап айтқанда, картоптың келісі 80 теңгеге, пияз 45 теңгеге, қырыққабат 60 теңгеге және сиыр еті 1800 теңгеге саудаланды. Жалпы 23 атаулы тауардан 29,4 тонна өнім жүзеге асырылды.

«Алтын бұлақ» автобекетінде кешке дейін жоспарланған жәрмеңке тауарлары түске дейін-ақ тұтынушылар игілігіне сатылып, халық ерте тарқады. 

Аталған ісшара барлық санитарлық талаптар сақтала отырып әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өткізіледі. Бұл шараның басты мақсаты азық-түлік бағасын тұрақтандыру.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандық делегация Қытай зауыттарын аралады
  • Уәли Қыдыр жаңа қызметке тағайындалды
  • Түркістан облысында тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт ашылмақ
  • Түркістан облысында биыл 16 жайлы мектептің құрылысы аяқталады
  • Түркістан облысында 6 теміржол вокзалы реконструкциялаудан өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер