Жетісайда жосықсыз мердігердің кесірінен тұрғын үй құрылысы тоқтап тұр

усубалиев.jpg

Жетісай қаласында жосықсыз мердігердің кесірінен тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістан қаласындағы тілшісі.

– Жетісай қаласында тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан мекемемен келісімшарт бұзылып, өткен жылдың соңында жосықсыз мердігер деген тізімге енгізу процесі жүргізілді. Сол мердігердің кесірінен тұрғын үйдің құрылысы тоқтап қалды. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Бұдан басқа Сарыағаш ауданында да мектептің құрылысында болған. Нақты есімде барын айтып отырмын, – деді спикер.

Қай салада болмасын күн тәртібінен түспейтін жосықсыз мердігер мәселесін қозғағысы келмеді ме, әлде шынымен жатқа білмейтіндей басқа да себептері бар ма, әйтеуір есінде барын айтқан басқарма басшысы олардың атын атап түсін түстеуден бас тартты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
  • «Қызметіне толық сәйкес емес» Ибрагимов Шөкеевті ұятқа қалдырды
  • Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ
  • Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр
  • Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер