Тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді

Screenshot_10.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналатынын атап өтті. Күні кеше  «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалында азаматтарды әлеуметтік мәселелері бойынша өткен қабылдау да Жолдауда айтылған бюағытты негізге алғаны анық. 

Аудан аумағындағы ауылдардан келген азаматтар көкейде жүрген мәселелерді көтеріп, қабылдау өткізген жауапты қызметкерлерден оның шешілуіне ықпал етуді сұрады. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев, аудандық мәслихат депутаттары – мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері Ғабит Жүсіп, Гүлжан Момбекова, Гүлсара Әлімбекова, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы Нұрлыбек Әбілқасымов қатысқан қабылдауда атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қайтарымсыз шағын несие алу мәселелері көтерілді. Ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын, ұсыныс-талаптарын тыңдаған бөлім басшысы мен депутаттар тиісті шешімдер қабылданып, өтініштер бойынша қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан да өтініштердің бақылауда болатыны, қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолданатыны айтылды. Мұнан бөлек, азаматтарға заңнама бойынша түсініктемелер берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жас ақындар мүшәйрасы өтті
  • Сайрам-Өгем ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті
  • Қайтарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуда
  • Сайрам ауданында жаңа шағынауданның құрылысы басталды
  • Ясауи кесенесіндегі қабірхана бөлмесі есігінің құпиясы ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер