Цифрлық сауаттылықты арттыру маңызды

Screenshot_9.jpg

Созақ ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және деңгейін арттыру, азаматтарды көрсетілетін қызмет түрімен хабардар ету мақсатында   Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Іс-шарада теріскейдің тұрғындарына электрондық мемлекеттік қызметтер таныстырылды.  

Жәрмеңкеге келушілерге электронды қызметтерді «Egov», «Телеграмм» жүйесіндегі «EgovKzBot», «Mgov» қосымшаларымен алу әдістері үйретілді. Сондай-ақ, тұрғындар бұдан кейін мемлекеттік қызмет көрсетудің ең қажетті салаларында, атап айтқанда, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту, білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй қатынастары және АХАТ бойынша электронды түрде консультативтік-әдістемелік көмек ала алды.  «Көрсетілетін электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттік корпорациямен агенттік қызметкерлері халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Біз ең бірінші қалта телефондарымен қызмет алуды басты назарға аламыз. Бұл қосымшаларды пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті. Оны ХҚО қызметкерлері жүзеге асырады. Тәртіп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгізілуі тиіс. Алдағы уақытта бұл іс-шарамен облысымыздың басқа да аудандарын қамту жоспарлануда»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиев.   

      Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 1 197 811 электронды қызметтер беріліп, мобильді азаматтар базасында 12161-ден астам созақтықтар тіркелген. Ал аудандық ХҚО жыл басынан осы күнге дейін 15541 электронды цифрлы қолтаңбаға өтініш қабылдаған. Түркістан облысының вокзал, почта, білім ошақтары секілді тұрғын көп шоғырланған жерлерде  «Өз –өзіне қызмет көрсету бұрыштары»  ашылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған азаматтар қай аудандардан екені белгілі болды
  • «Қызметіне толық сәйкес емес» Ибрагимов Шөкеевті ұятқа қалдырды
  • Кеден бекеттеріндегі тепловизорлар коронавирус белгілерін анықтаған жоқ
  • Түркістанда жұмысшылардың тапшылығы мен қағазбастылықтан құрылыстар кешігіп жатыр
  • Бір жылда 1 млрд. 200 млн. теңге айыппұл өндірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер