Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті

image.png

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.  2025 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап (3 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты.

Өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 112,5%-ды құрады. 12-айдың қорытындысымен 113,0%-ға жеткізу жоспарлануда. Өсім негізінен тау-кен, тамақ өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірістері есебінен орын алды. Өңдеу өнеркәсібінде 665,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 110,9% деңгейінде қалыптасты. Есепті кезең жоспарынан 3,1%-ға артығымен орындалды  (жоспар 107,8%). Жыл қорытындысымен өсім деңгейін 111,5%-ға жеткізу жоспарлануда.

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында ағымдағы жылы өңдеу саласында  59 млрд теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 12 жоба іске қосылды. Осы арқылы 1192 жұмыс орны ашылды.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ МАҚТА КЛАСТЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП, ҮШ ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • ЭКОНОМИКА МЕН АГРОСАЛА БАСТЫ НАЗАРДА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер